БҚО-да жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Біз жемқорлыққа қарсымыз" іс-шарасы өткізілді
БҚО-да 13 қыркүйек күні "Атамекен" өнер ордасында жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру аясында "Біз жемқорлыққа қарсымыз" іс-шарасы өткізілді. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылды.
Кездесудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрімен күресу бойынша жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды. Одан бөлек, жастардың ортасында бостандық, отбасылық құндылықтар, жеке кеңістік пен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы тұрақты дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру да міндетке кірді.
Іс-шара барысында "Жаңару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мэлс Семгалиев сөз сөйледі. Ол жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда отбасы шеңбері, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар бірлестіктерінің маңызы зор екенін атап айтты.
"КазИИТУ" ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, профессор, ҚРҰИА вице-президенті, академик, "Жаңару" жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалының директоры Ақсерік Әйтімов, БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров шараға қатысып, пікірлерімен бөлісті.
Орал қаласы бойынша сот әкімшілік басшылары мен судьясы, ЖОО студенттері қатысты.
Шара студенттер барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл, заңдылықты сақтау саласындағы жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру жолдары талқыланып, ұсынылды.