БҚО-да табылған ұшқышсыз аппарат: Полиция құпия бақылау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз аппарат табылған соң полицияның қай баппен тергеу бастағаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bes.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 399-бабы "Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану" бойынша тергеу бастаған.
Дрон БҚО аумағында 18 ақпанда Бөкейордасы ауданындағы Ұялы ауылында табылған. Сол күні полиция департаменті апараттың табылғанын растады. Алайда қорғаныс министрлігі 2 апта өтсе де аппараттың қайдан келгенін және әуе кеңістігін бұзу дерегін де растамаған.
БАҚ-тағы деректерге сенсек, ұшқышсыз аппарат әскери мақсатта қолданылатын ресейлік "Орлан-10" дронына ұқсайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"