БҚО-да науқас жедел жәрдем көлігін айдап кетіп, мектеп қоршауын бұзған
БҚО-да мас болған науқас жедел жәрдем көлігін айдап әкетіп, мектептің қоршауын бұзған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ хабарлауынша, оқиға Бәйтерек ауданы ауылдарының бірінде болған. 31 жастағы ер адам аяғын жарақаттап, жедел жәрдем шақырған. Қызметкерлер оны ауруханаға апарып, медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберген.
Алайда науқас үйге жаяу барғысы келмеген. Ол көлікті оталдыратын кілті қалып қалған жедел жәрдем көлікті мініп, оны айдап кеткен.
Бірнеше метрден өткеннен кейін жүргізуші мектеп қоршауына соғылған. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады