Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да мал бағып жүріп адасып қалған жасөспірім көптің көмегінің арқасында табылды

Батыс Қазақстан облысында 15 жасар бала мал жайып жүріп адасып кеткен. Оқиға 6 қаңтар күні Қаратөбі ауданы, Қоскөл ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтемемен.

Адаскан бала

Жасөспірімнің ауылдан төрт шақырым жерде жоғалғаны туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 15:48-де түскен. Белгілі болғандай, бала таңғы ондарда мал жаюға шығып, қайтып оралмаған. Жергілікті тұрғындар баланы іздеуге кіріскен, кейін оларға құтқарушылар, полицейлер мен әкімдік қызметкерлері қосылған.



"Көптің көмегінің арқасында сағат 17:00-де жоғалған адам табылды. Анықталғандай, бала ауа райының нашарлауынан адасып кеткен. Жасөспірім өзін жақсы сезінеді, медициналық көмекке мұқтаж емес", - дейді БҚО бойынша төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство облыс тұрғындарына қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды, қарттар мен балаларды жалғыз қалдырмауды, жолға шығар болса жақын адамдарға үнемі ескертуді, ұялы телефонды уақытында зарядтауды, теңгерімді толтыруды және механикалық қолсағат алып жүруді ұсынады. 

Ақберен Амангелді
Жексенбі, 08 Қаңтар, 2023 09:37
Талқылау