БҚО-да ер адам көшеде тұрғындарға шынжырлы арамен шабуыл жасады
Видеодан скриншот
Батыс Қазақстан облысында ер азамат тұрғындарға шынжырлы арамен шабуыл жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақсайда тұрғындарды қорқытқан 36 жастағы жігітті полиция ұстады. Жанармай құю бекетінің алдында қолына шынжырлы ара ұстаған азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалған. Ол өткір құралды қосып, өтіп бара жатқан тұрғындарға қарсы бағыттайды. Агрессияға берілген жігіттің көліктерді де арамен талқандап тастауға әрекеттенгені көрінеді.
Астанада лифтте 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты
Белгілі болғандай, ер адам психиатриялық есепте тұр екен. Қазір полиция оны арнайы орталыққа мәжбүрлеп жатқызу мәселесін қарастырып жатыр.
Еске салсақ, 2025 жылдың ақпан айында Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік.

"Әпшу" сұрайды, омырауын береді, шашын алып тастайды": Қазақстандықтар балаларының жеке шекарасының бұзылып жатқанына шағымданды
