Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ер адам 4 жасар өгей ұлының аяқ-қолын байлап, сарайға қамап тастаған

БҚО тұрғыны төрт жастағы өгей ұлын бірнеше сағат бойы сарайда қамап ұстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков хабарлағандай, оқиға Қазталов ауданы Бостандық ауылында болған.

1991 жылғы ер адам төрт жасар өгей ұлын сағат 08.00-11.10 аралығында сарайға қамап тастаған.

Қазталов ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Жангерееваның айтуынша, баланы анасының азаматтық некедегі жұбайы аяқ-қолын байлап, сарайға қамап қойған. Бұл туралы баланың анасы балабақшаға барып айтқан. Балабақша тәрбиешілері баланы байлаулы күйінде тауып, учаскелік полицияға хабар берген. Содан кейін учаскелік полиция қызметкері отбасын аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Баланың анасы 1997 жылы туған, жұмыссыз, ақыл-есінің толық дамымағаны байқалады, мектепте түзету сыныбында оқыған.

Өгей әкесі де жұмыссыз, ақыл ойында кемістігі бар, невропатологтың есебінде тұрады. Бұған дейін отбасы баланың өгей әкесінің ата-анасының үйінде тұрып келген. Алайда келіспеушілікке байланысты сол ауылдағы аға-жеңгесіне кетіп қалған.

Отбасымен әңгіме барысында баланы байлап қоюға өгей әкесінің жеңгесі мәжбүрледі деген түсініктеме берілді.

"Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы болғанымен, ауруханада жатыр. Балаға жаңа киім-кешек, тамақ және ойыншық алып берілді. Ол 17 маусым күні ауруханадан шығады. Содан кейін баланы орналастыру мәселесі шешіледі", деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Жангереева.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр