Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кетті

Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, оқиға аудан орталығы Жымпиты ауылында болды.

Оның сөзіне қарағанда, кеше түнде бұралқы иттер ауыл тұрғыны Батырбек Жұбанғалиевтің қорасына кіріп, 25 қойы мен 23 қозысын өлтірген. Оған қоса, бүгін түнде иттердің тағы 10 бас қойды қырып кеткені анықталды.

"Бүгін қойға шапқан екі қаңғыбас иттің көзі жойылды. Сонымен қатар тұрғынға қораны ит кірмейтіндей етіп бекіту қажеттігі айтылды. Иттен өлген малға өтемақы қаралмаған. Аталған тұрғынға басқалай көмек көрсету жағы қарастырылуда. Жалпы, ауылдарда бұралқы иттердің көбейіп, малға шауып жатқаны рас. Оларды залалсыздандыру бағытында тиісті шаралар жасалады", деді Т.Төреғалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ит қабу жағдайлары көбейіп кеткенін жазған болатынбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 27 Сәуір, 2022 21:52
Талқылау