AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел малшылар тұратын жерден табылды

БҚО-да бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел шопандардың арасынан табылды. Оны Ақжайық АІІБ-нің учаскелік полицейі тапты.

БҚО-да бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел шопандардың арасынан табылғды

Бұл туралы “Мой город” порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Орал ІІБ басшысының орынбасары Нұрлан Бисеновтың айтуынша, 38 жастағы Иралия Камышева 13 қыркүйекте жоғалып кеткен және оның жоғалғаны туралы арыз сотқа дейінгі тергеу журналында тіркелген.

« Әйелді тек қалалық ІІД-нің полицейлері ғана емес, сондай-ақ облыстық Ішкі істер департаментің қызметкерлері де іздестірді. 8 қазанда қабылданған шаралармен азамат Камышеваның Ақжайық ауданының аумағында жүргені анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйел үйінен өз еркімен кеткенін айтты. Бірақ, ол өзін іздестіргенін сол жерде полиция қызметкерлерінен естіді», – деді Нұрлан Бисенов.

Иралияның айтуынша, ол Ақжайық ауданындағы шалғай жатқан шопандықта болған және онда ол өз еркімен барған.

«Отбасымызда жұбайым екеуіміздің арамыздағы жағдай өте нашар. Ол мені ұзақ жылдар бойы ұрып-соғып, азаптап кетті. Яғни, оның құлдығында болдым. Ол мені жұмыс істеуге жібермеді. Үйден қуып шыға ма деп қорқып, оның үстінен арыз жазған жоқпын. Ал мен балаларыммен ешкімнің босағасына бара алмаймын, барар жерім жоқ. Соңғы рет ол мені өлтіруге тырысты, бетімді пышақпен кесіп тастады. Содан балалар маған ақша берген соң үйден кетіп қалдым», – деді Иралия Камышева.

Иралияның сөзіне қарағанда, ол үйінен бірінші рет кетіп тұрған жоқ. Ол бұған дейін де үйден кетіп, бірақ әртүрлі себептер бойынша қайтып оралған.

«Осы жолы мен ауданға барып, жұмысқа орналастым. Ақша жинап, балаларымды өзіммен алып кетемін деп жоспарлағанмын. Өйткені бұл – менің балаларым, мен оларды ешқашан тастамас едім. Олардың мені іздегенін білмедім. Күйеуім мені өзі үйден қуып жіберген. Мені не үшін іздейді түсінбеймін», – деді әйел.

Иралияның айтуынша, ол бірнеше рет үлкен қызына хабарласуға тырысқан. Дегенмен, белгісіз себептермен хабарласа алмапты.

Сонымен қатар, ол азаматтық некедегі жұбайының үстінен арыз жазуға ниетті екенін айтты. Полициейлер егер әйел арыз жазса, оның өтініші бойынша алдын ала тергеу жүргізілетін болады дейді.

Бірақ, Иралияның азаматтық некедегі Дмитрий әйелінің ішімдік ішіп, уақыт өте үйден ұзақ уақытқа кетіп қалатын әдеті барын айтып, шағымданды.

«Бұған дейін ол екі жыл бойы ішпеді, себебі мен оны бақылап отырдым. Оның нейро-алкогольдік синдромы бар. Ол ауруын мойындамайды және бәріне жала жабады. Ең бастысы – ол оған сенеді. Бірақ бұл жолы біз оны сөзсіз емдейміз. Иралия емге мұқтаж. Мен кеше оны бөлімшеден алып кеткім келген, бірақ оны бізге бермеді. Олар бүгін әкелетініндерін айтты. Енді бәріміз Иралияны күтіп отырмыз. Балалар да ауырып жатыр. Ортаншы қызымның қан қысымы бар. Кеше Иралия өзін ұрып-соқты деп, тіпті менің үстімнен арыз жазыпты. Бұл өтірік. Ал, оның жаласын растап, куәлік берген көршімді сотқа беремін», – деді Дмитрий.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр