Трамп пен Зеленскийдің кездесуі басталды
Фото: Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл Трамп пен Зеленскийдің Ресей мен АҚШ саммитінен кейінгі алғашқы кездесуі.
Трамп пен Зеленский Овальді кабинетте журналистердің сұрақтарына жауап берді. АҚШ Президенті Украина “күшті” қауіпсіздік кепілдіктерін алады деп мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, Украина қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты рөлді Еуропа атқарады, бірақ АҚШ та “көп көмек” көрсетеді. Алайда нақты қандай көмек көрсетілетінін айтпады.
Трамп пен Зеленский жабық келіссөздерді бастады. Содан кейін Трамп, Владимир Путинге қоңырау шалатынын айтты.
Зеленскиймен бірге АҚШ-қа Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия Канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Италия премьер-министрі Джорджия Мелони, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте келді.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф кездесудің негізгі тақырыбы – аумақтарды айырбастауды талқылау болатынын айтты. Ол мәміле жақын арада жасалатынына үміт білдірді.
Айта кетейік, кездесу алдында Зеленский “Украина нақты бітімге және жаңа қауіпсіздік архитектурасын орнатуға дайын. Бізге бейбітшілік қажет” деген мәлімдеме жасаған еді.

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
