"Біздің қателігіміз қарсыласты дұрыс бағаламауымыз" - "Рома" құрамасы өз алаңында жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады

“Рома” шабуылшысы Пауло Дибала командасының күтпеген жерден "Викторияға" өз алаңында 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Футболшының айтуынша қарсыласты жеткілікті деңгейде бағаламаған.
"Бүгінгі ойында біз "Интерге" қарсы ойнағаннан кейін шаршаңқы болдық. Біздің қателігіміз қарсыласты дұрыс бағаламауымыз болды. Біз қарсыластарымызды жеткілікті деңгейде бағаламасақ ешқашан жеңіске жете алмаймыз. Қателіктерімізді талдап, осы жайттан сабақ алып, жағдайдан шығу жолын табуымыз керек", — деді Дибала Sky Sport-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, үш турдан кейін "Рома" Еуропа Лигасының турнир кестесінде 23-орында тұр. Команда әзірге тек үш ұпай ғана жинады. Келесі турда итальяндық клубтың қарсыласы — шотландиялық "Рейнджерс" болмақ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген