Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жезөкшеге теңейді": Әнші Бейбіт Құшқалиев кімге ашуланды

Бейбіт Құшқалиев кімге ашуланғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бізді жезөкшеге теңейді: Бейбіт Құшқалиев кімге ашуландыБелгілі әнші Бейбіт Құшқалиевке теңеу айтатын адамдардың қатары көп. Алайда өнер иесі кейбір теңеулерге шамданып қалатын кездері барын жасырмады. Кейбір кезде адамдар шектен шығып кететінін айтады әнші. Алайда, ол сөздерге мән бермей, арымның тазалығын қадағалаймын дейді ол. 

"Сайлау аясында адамдар әртүрлі пікір айтты. Көп адамдардың бізді жезөкшеге, сатқынға теңеуі маған ұнамады. Ең бастысы - арың таза болсын. Клоун дейді, жезөкше дейді. Дәрежесі сол шығар. Оған жезөкше болып көрінетін шығармыз", - дейді Бейбіт Құшқалиев. 

Жезөкшеге теңеп, намысына тиіп жатса да, ешкімге ренжімейтін әнші, адамдар менің бойымнан қандай қасиет көрсе де өз еркітерінде, оларға қой демеймін деп ашығын айтты. Алайда, өнер иесін мұндай сөздер ашуландыратын көрінеді. 

Талқылау