Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізде жалған патриоттар көп": Баян Алагөзова Қордайдағы қақтығыс туралы

Баян Алагөзова Жамбыл облысында болған қазақ пен дүнгендердің қақтығысына қатысты пікір білдірді. Продюсер жаман ұлт жоқ екенін айтып, елге басу айтты. 

"Бәріміз үшін ең ыңғайлы әдіс - үндемей қалу. Ол бізден алыс. Бұл біз жайлы болғанымен, біз онда болған жоқпыз. Бұрын да болған, қазір де, болашақта да солай. Біздің қазіргі қасиетіміз - қатаңдық, жеккөрушілік, шыдамсыздық, тіпті басқа ұлтқа деген, бір-бірімізге деген жеккөрушілік. 10 адам өлді. Олар жол апатынан қайтыс болған жоқ. Олар бесінші қабаттан құлаған жоқ. Оларды өлтіріп, үйін өртеп жіберді. Қазір ұлтаралық араздықты кім қоздырды дегенді ешкім анық айта алмайды. Бұған дейін біздің санамызға еліміз ең толерантты, мемлекет деп сіңіріп келді. Бұл мүлде ақылға сыймайды. Біз жек көреміз, шыдай алмаймыз, ыңғайы келсе, ұрсуға, шаңырақтың иесі кім екенін айтуға дайын тұрамыз. Абай шындықты айтқан емес пе? Одан бері ешнәрсе өзгерген жоқ.

Үндістер, қытайлар, дүнгендер, армян, түріктер, келесісі кім? Біз адамзат құндылығы, мейірім, ар, абырой дегенде баяғыда ұмытқанбыз. Кеудемізді соғып патриотпыз дейміз.

Патриот - өз отанын сүйетін адам. Өзгелерді жек көретін емес. Бүгінде өзінің аумағынан өтіп кеткені үшін өзгелерді өлтіре беретін жалған патриоттар көп. Бұл сұмдық. Бұнымен айтпағым, жаман халық болмайды. Жаман адам болады. Оларда ұлт, құдайға деген сенім болмайды", - деп жазды продюсер парақшасында.

Еске салсақ, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болды

Қарақат Әбілдина: Бірен-саран жаман адамға бола, тұтас дүнген ұлтын қалайша жамандыққа қиямыз

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдағы коронавирус қашан ауыздықталатыны жайлы айтылды

Қытайлық маман коронавирус жұқтырған адам Қытайда анықталғанымен, ауру басқа елден шығуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармады

Дәрігердің нұсқаулығымен кез келген дәріні дәріханадан тегін алуға болады

Бұған қоса кәмелетке толмаған балалар үшін де бұл жағдай енді қол жетімді болмақ

Путин сыңарын тарту туралы ұсыныстан бас тартқанын жеткізді

Айтуынша, көптеген адамдар оның сыңары бар екен деп әлі күнге дейін ойлайды

Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады

Осылайша билік халықтың қамын ойлайтындарын көрсеткілері келген

Шымкентте ломбардқа өткізілген планшеттер: Қалалық ПД ақпаратты жоққа шығарды

Планшеттердің барлығы қазір қолдануыста жүр екен

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаздың ісі: 29 автомат пен 28 тапанша тәркіленді

Қару үрлаған әскердің тағы бір сыбайласы ұсталды

Джеки Чан жұртты шулатқан ақпарат жайлы сөз қозғады

Әртіс өзінің аман-сау екендігін жеткізді

Бахрейнде бойжеткендерді сексуалды құлдыққа тартқандардың арасында қазақстандық азамат бар

21 бойжеткен Қазақстанға оралыпты

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Жаңа заң 28 наурыздан бастап күшіне енбек

Шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған: Үндістанда мұсылмандар мен индуисттердің арасындағы қақтығыста 27 адам қаза болды

Мұсылмандар жергілікті биліктің қанау әрекеттеріне шыдамай митингке шығыпты
Çàãðóçêà...