"Біз сізбен біргеміз": Ақтаулық балалар науқаспен жанжалдасқаны үшін жазаланған дәрігерге қолдау білдірді
Балалар хирургі Насукан Отарғазиевтің оқиғасы тек ересектерді ғана емес, балаларды да бей-жай қалдырмады. Дәрігердің көмегіне жүгінген балалар ата-аналарымен бірге дәрігерге жұмысы үшін алғыс білдіретін бейнеүндеу жолдады.
Балалар хирургі мен науқас арасындағы жанжал әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында резонанс тудырды. Олардың көпшілігі дәрігерді жақтап, өзіне көмектескен оқиғаларын айтып берді. Ғаламторда балалар жігерлендіретін сөздер айтты.
«Құрметті Насукан ағай, сіз өз салаңыздың кәсіби маманысыз. Алла Тағала адамдарға көмектесу үшін қолыңыздан келетін кәсіп нәсіп етті. Ал сіз өзіңізге жүктелген миссияны абыроймен атқарасыз. Мен ауырған кезде сіз мені шын жүректен және жылулықпен емдедіңіз. Мен сізбен біргемін, мен сізді жақсы көремін. Сіз менің қамқоршымсыз".
«Насукан ағай, мен ауырған кезде, сіз мені емдедіңіз. Сіз әрқашан күліп жүрдіңіз. Біз сізбен біргеміз».
«Насукан ағай, есіңізде ме, мен маңдайымды жаралаған кезде сіз жараны шешіп, көмектескенсіз. Мен сізді ұмытпаймын. Мен сізді жақсы көремін. Сізге үлкен рахмет!», - дейді олар.
Еске салсақ, Насукан Отарғазиев баламен кезектен шыққан науқаспен жанжалдасқан. Осыдан кейін отбасы оған арыз жазды. Сот шешімімен дәрігер 19 шілдеде қызмет еткен бір тәулікке қамауға алынды.
Осыдан кейін Насукан Отарғазиев оқиғаның егжей-тегжейлері мен жанжалға қатысты ойын айтты.
Кейін жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сөз сөйледі. Министрдің айтуынша, педиатр хирург Насукан Отргазиевті бір тәулікке қамауға алу жазасы «шамадан тыс және әділетсіз» болды.