Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өте әділетсіз деп санаймын": Елжан Біртанов Ақтауда тұтқындалған дәрігер туралы

Денсаулық сақтау министрі  Facebook желісіндегі парақшасында хирург пен әйелдің арасында болған дауға қатысты пікір білдіріп, дәрігердің бір тәулікке қамалуын өте әділетсіз деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


"Насұқан Отарғазиевтің тұтқындалуына байланысты өз ойымды білдіргім келеді. Өзінің кәсіби міндетін атқарып жүріп, осындай жағдайға түскен дәрігерді жазаға тарту өте әділетсіз деп санаймын. Бұл дауда медициналық қызметкердің кінәсі дәлелденгенде, (видеоға қарап, бір тараптың қателігі деуге келмейді) дисциплиналық іс-әрекет жасау жеткілікті еді. Айыппұл салуға болатын еді...

Осы жағдай мемлекет басшысының медициналық қызметкерлердің беделін көтеру керек деген тапсырмасына қарсы келеді. Тапсырманы орындау үшін денсаулық сақтау министрлігі Халық денсаулығын қорғау кодексіне медициналық қызметкерлердің жұмысына араласпау туралы жаңа ережелер енгізу ұсынылды. Дәрігерлердің жұмысына араласу олардың қауіпсіздігіне және өзге емделушілердің өмірі мен денсаулығына зиянын тигізеді", — деп жазды министр. 

Министр жазбасында Кодекске енгізуге ұсынылған ережелердің қолдау табатынына үміттенеді. Ол өзінің әріптестеріне сабырлық танытытып, дана болуға, емделушілерге түсінстікпен қарауға шақырды. Отандастарымыздың басым бөлігі дәрігерлердің жұмысы мен еңбегін жоғары бағалайтынына сенімді екенін айтты. 
 

Талқылау