Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Атбасарды тағы да су басуы мүмкін

Министрдің айтуынша, кейбір облыстарда көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары тиісінше жүргізілмей жатыр. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов неге Атбасар қаласын тағы да су басу қаупі төніп тұрғанын айтты.

Сурет: Informburo.kz

“Атбасар қаласындағы су тасқынының алдын алу жұмыстары алаңдатып отыр. Жаңа бөгет салу керек. Бірақ қаражаттың жоқтығынан бөгет бұзылған жерлерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары ғана жүргізіліп жатыр. Осылайша өткен көктемдегідей су көп болса, Атбасар қаласын тағы да су басу қаупі бар”, — деді Қасымов үкімет отырысында.

Айтуынша, Қостанайдағы екі бөгетті салу және осы облыс пен Қызылордағы 8 гидротехникалық объектіні салу бойынша жұмыстың қарқыны көңіл көншітпейді.

“Жол картасының” жүзеге асырылуын саралап, бірқатар шараның орындалмау қаупі бар екенін көріп отырмыз. Осы уақытқа дейін гидрометерологиялық қызметті дамыту жобаларын қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша келесі жылға жоспарланған 28 шараны қаржыландыру мәселесінің де басы ашық тұр.

Ақмола және Павлодар облысынан басқа өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар су қорғау аймақтарының шекарасы мен елді мекендер белдеуін қайта бекіту, қауіпті аймақтардағы өндірістік нысандар мен тұрғын үйлерді көшіру негізін бағалау жұмыстарын жүргізбеген. Елді мекендер мен көлік инфрақұрылымының объектілерін тасқын судан инженерлік қорғау жұмыстары үшін техникалық-экономикалық негіз, жобалау-сметалық құжаттарды дайындау өте баяу жүргізілуде”, — деп баяндады Қасымов.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Алматыда көлік ішіндегілер жаяу жүргіншіні атып кетті (видео)

Қымбат көлігі бар коттеджде тұратын отбасы табысын жасырып әлеуметтік көмек алып келген

Талқылау