Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қымбат көлігі бар коттеджде тұратын отбасы табысын жасырып әлеуметтік көмек алып келген

Еңбек және әлеуметтік қамту вице-министрі Светлана Жақыпова баспасөз баянында ұзақ уақыт бойы табысын жасырып келген қазақстандық отбасы жайлы айтты.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда 1,5 млн адамның ешқандай кірісі, зейнетақы жинағы жоқ. Оларға ведомства көмек көрсетеді. Осы орайда қызметкерлер қызықты жайтқа тап болған. Әлеуметтік қорғау қызметкерлері көмекке тіпті мұқтаж емес отбасын көзімен көрген, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біздің қызметкерлер әлеуметтік көмек сұраған үйге барғанда ол отбасының коттеджде тұратынын, қымбат көлігі барын көрген. Бірақ кірісі жоқ», – дейді вице-министр.

«Мәліметтер базасында олар еш жерден көрінбейді. Зейнетақысы түспейді, жалақысы көрінбейді, сосын бізде кіріс жоқ дейді. Сондықтан бірінші кезекте осындай келеңсіздіктермен күресуісіз керек», – дейді Жақыпова.

2018 жылдан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі. Қазір аз қамтылған отбасылар үш түрлі жәрдемақы алып отыр. Мекен-жай әлеуметтік көмек түрі енгізілген соң жәрдемақы көбейеді.

Тағы да оқыңыз:

Қатерлік дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Алматыда көлік ішіндегілер жаяу жүргіншіні атып кетті (видео)

Жүкті әйелдің баласы шетінеп, өзі аяқ-қолынан айырылды

Талқылау