Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Сейсенбі, 7 Қараша , 2017 11:52

Какенова Жұлдыз есімді Астана тұрғыны 2015 жылы өзінің рак дертіне шалдыққанын айтып, көпшіліктен көмек сұраған еді.

Фото желідегі парақшадан алынды

Жұлдыздың тірі кезінде жазғандары мен видеосы әлі де желіде тарап жатыр.

2015 жылдың 21 қазанында күйеуімен отасқанына 4 жыл толған шағында Жұлдыз өзіне қауіпті диагноз қойылғанан айтты.

«Өмірімде қорқынышты жайттар болып жатыр. Маған Бауыр қатерлі ісігінің 4-деңгейі деген диагноз қойды. Күйеуім Талғатпен отау құрғанымызға бүгін 4 жыл толды. Інжу есімді қызымыз бар. Қызыма тумасынан мүгедек статусы қойылған. Екі айлығында инсульт алды. Қан айналымы дұрыс емес. Әр жыл сайын оңалту орталығында қызыммен бірге болуым керек. Жыл сайын өзім тексеруден өтуім керек. Осы жолғы тексерістен осң дәрігерлер бауырымда қара нүктелер барын айтты. Барлық тексеруден өттім, бармаған дәрігерім жоқ. Әр хирург түрлі диагноз қойды. Ақырында Үрімшіге барып қаралдым. Қытай дәрігерлері бауырдың қатерлі ісігі деген диагноз қойды», – деп жазды Жұлдыз 2015 жылы.

«Достарым, мен бұлайша өмірмен қоштасқым келмейді. Қызымды, күйеуімді тастап кеткім келмейді. Тағы да ана атанғым келеді, әже болғым келеді. Жапонияда емделуге ұсыныс айтып жатыр. Бірақ бір курсы 15 мың доллар. Жақындарым, достарым көмектесуде. Көмек қолын соза алатындардан жәрдем болса деймін», – деп жазды желіде Жұлдыз.

Жұлдызға ақша аударған жандардың да саны аз емес. Келіншек бір күн ішінде карточкасына 300 мың жиналғанын айтты.

«Бүгін емханада қызымызды туған күнімен құттықтадық. Оған әжесі қарап жатыр. Мені көргенде сондай қуанады. Кетерімде жыламсырады. Мен қайтып келетінімді айттым. Бірақ жүрегім қатты ауырып тұр. Уақыт маған бағынар емес. Құдай көмектеседі деп сенем. Көп адамдардан хат-хабар келіп жатыр. Бірақ қажетті ақшаны жинай алам ба білмеймін. Бәріне алғыс айтам», – деп жазды бірнеше уақыттан соң Жұлдыз.

«Мен күн сайын түрлі компания өкілдерімен, адамдармен сөйлесіп, көмек сұрап жүр едім. Бірақ аяқ астынан әлсіреп қалдым. Тамақ ішуге де дәрменім құрып бара жатқандай. Ешкімге жауап бере алмайтын күйге түстім. Басым сынып ауырады», – деп жазды ол.

Келіншек ақша жетіспеушілігіне байланысты Корей елінде емделе алмағанын да атап өтті.

Кейіннен қазақстандық дәрігерлерден қорқатынын, олардың нақты диагноз қоймауы мүмкін екенін де жазды.

«Біздің дәрігерлер адамға жылы сөз айтпайды. Адам күтпеген жайтты айта салады. Диагнозы дұрыс емес болуы, соған байланысты дұрыс ем жасамауы да мүмкін», – дейді Жұлдыз.

Ал, 2016 жылдың 30 қазаны күні Жұлдыздың атынан оның әкімшісі жазды.

«Қайырлы күн, достар! Жазып жатқан әкімші Айжан. Бүгін Жұлдыз өмірден өтті. Оған қолғабыс еткен барлық жанға алғыс айтамыз. Жұлдызымыз иманды болсын», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз:

Жүкті әйелдің баласы шетінеп, өзі аяқ-қолынан айырылды

Астанада туған сәбидің есімін ЭКСПО-ның құрметіне қойды

Туберкулезбен ауырған мұғалімге қатысты жанжал: Бәріне лаборант-рентгенолог кінәлі болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар