Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бишімбаевқа қатысты жағдай БҰҰ сайтында жарияланды": Мәжіліс төрағасының орынбасары халықаралық конференцияда экс-министрдің ісіне қатысты пікір білдірді

Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева 4 желтоқсанда өткен Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясы аясында әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық Азия әйелдері диалогы халықаралық конференциясы аясында журналистердің сұрағына жауап берген Дания Еспаева Қуандық Бишімбаевқа қатысты қайғылы оқиға әлем жұртшылығына мәлім болғанын атап өтті.

"Әрине, бұл Қазақстанның имиджіне кері әсер етті. Мен бұл оқиғаның БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Мұндай жағдай кез келген елде болуы мүмкін. Қайғырып көңіл айтамын. Әлеуметтік желіден бұл жағдай туралы мәліметтерді оқыған сайын жүрегім ауырады. Статистикалық тұрғыдан мұндай жағдайлар көбіне тұрмысы төмен отбасыларда болады. Алайда бұл жерде ауқатты отбасында болды. Білімді адамның осындай әрекет жасағаны қорқынышты. Мұндай жағдай мүлде болмауы керек еді. Өкінішке орай болды", – деді Дания Еспаева.

Айта кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатынКейіннен экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынды

Сосын қазақстандықтар кісі өлімі болған "Bau" мейрамханасын жабуды талап етті. Кейіннен Гастро орталығының директоры қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды.

Талқылау