Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев ісі: Гастро орталық директоры екі айға қамауға алынды

Астанада Салтанат Нүкенованың ісі бойынша Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Директор қылмысты жасырды деген күдікке ілінді.

"Bau" мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы - 2 айға қамауға алу бойынша санкцияланды. Тәртіп сақшылары тергеуді жалғастыруда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Кейіннен экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынды

Сосын қазақстандықтар кісі өлімі болған "Bau" мейрамханасын жабуды талап етті. Кейіннен Гастро орталығының директоры қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталды.

Талқылау