Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты eGov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді
Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты eGov.kz электронды үкімет сайты уақытша қолжетімсіз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: www.voozon.com
29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін электронды үкімет сайтында және басқа да жобаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Төмендегілер біраз уақыт қолжетімсіз болуы мүмкін:
- eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
- egov mobile мобильді қосымшасы;
- "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- "e-Otinish" электронды өтініштер қызметі;
- "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдеуімен басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базалары.
Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады