Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанда ең ірі қант зауытын салмақ

Фото: istockphoto.com

Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қазақстанда ең ірі қант зауытын салмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Аль Ғурейр Джамальмен кездесіп, жобаны талқылады. 

Зауытты салу үшін "Алатау" арнайы экономикалық аймағына кіретін Қонаев қаласы аумағынан 1000 гектар жер бөлінген. Қазір газ және электр жүйесін тарту секілді инфрақұрылым мәселесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 

Жоба “QazaqArab Sugar” компаниясы арқылы жүзеге асырылмақ. Зауыт жылына 500 мың тоннаға дейін қант өндіре алады жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 313,6 миллиард теңге. Құрылыс 2028 жылы аяқталып, зауыт шамамен 450 жұмыс орнын қамтамасыз етпек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, араб компаниясы EPC-шартын (жобалау, жабдықтау, құрылыс) жасауға дайын, бұл жобаны іске қосуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұған дейін әлемдік көшбасшы компания Al Khaleej Sugar Алматы облысында зауыт салуды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 31 Қазан, 2025 20:44
Талқылау