"Бір жыл, екі ай төледім": Блогер Zheka Fatbelly үйлену тойын несиеге жасағанын айтты
Zheka Fatbelly атымен танымал блогер Жеңіс Омаров үйлену тойында қаржысын жеткізе алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zheka_fatbelly/
Вайнердің айтуынша, тойдан кейін қарыздарын әрең жапқан.
“Молданазар ән айтқан кездегі үйлену тойым естеріңізде ме?! Сол тойды қарызға алып жасадым. Осыдан бір ай бұрын ғана тойдың соңғы қарызын жауып тастадым. Есептеңіз, бір жыл екі ай кетті, – деп мойындады желі жұлдызы.
Оның әйелі Бекзада қарызды жаба алмай жүрген күйеуінің уайымға салынып, аз ұйықтап, үнемі асығып жүретінін растайды.
“Мен тіпті маркетолог болып жұмысқа орналастым. Елестете аласыз ба? Мен видео түсіретін блогер едім ғой, ал тойдан кейін таңертең кешке дейін жұмыс істей бастадым, – қиналған сәтін есіне алды Жеңіс.
Бүгінде табысты блогер отбасылық өмірдің басталғанда жақсы көрінгісі келіп, көп ақша жұмсағанын мойындайды. Бірақ ақыры ең үлкен қарызды жабу үшін ол пәтерін сатуға мәжбүр болған.
-
"Неке жүзігін таққым келмеді": Zheka Fatbelly сүйіктісімен заңды негеге тұрды
-
Блогер Zheka Fatbelly-ге қайын атасы су жаңа темір тұлпар сыйлады
Еске салайық, тоқал алуды қолдайтынын айтқан Zheka Fatbelly оңбай сынға қалған еді.
Оған дейін Блогер Zheka Fatbelly-дің тойында беташарға түскен ақша жұртты таңғалдырғанын жазған едік.
Айта кетейік, Тоқаев әлеуметтік желілердегі "әдемі өмірдің" жарнамасы жастарға зиянын тигізетінін айтқан еді.