Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жастан асқан бала өртке оранған үйден күшігін құтқарамын деп көз жұмды

АҚШ-тың Арканзас штатында бір жастан асқан бүлдіршін өртке оранған үйден күшігін құтқарамын деп, өзі көз жұмыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

30 қараша күні сағат 17:00 шамасында ерлі-зайыпты Куртис және Кейтлин Шарптардың үйі отқа оранған. Олар өрт енді басталып жатқанда үйден шығып үлгеріп, көмекке құтқарушыларды шақырыпты. Ата-анасы өрт сөндіріп, қарбаласып жатқанда қараусыз қалған бүлдіршін үйде қалып қойған күшігін құтқаруға кіріп кеткен. Алайда өрт шапқан үйдің ішінен баланың өзі де шыға алмай қалыпты. 

"Ол күшігін құтқара алмады", - дейді баланың әкесі. 

Өрттің пайда болу себебі ретінде тоқ жүйесіндегі ақау айтылып жатыр. Қазіргі таңда құтқарушылар оның негізгі себебін анықтауда. 

Бұған дейін Ресейде мысықтарын құтқармақ болған оқушы өрттің ортасында қалып көз жұмғаны жайлы айтылған еді.

Талқылау