Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел орындықты сындырып алғаннан кейін 51 келі салмақ тастады

Фото: Jam Press

Ұлыбританияның Манчестер қаласының тұрғыны өмірі үшін алаңдап, өзі сындырып алған орындықтан кейін 51 келі салмақ тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Need To Know басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мишель Сидерфин есімді әйел ұзақ жылдар бойы семіздікпен күресіп келгенімен, диета ұстауға біржола бел буа алмағанын айтады. Ол бірде жұмысында клиенттің оны жүкті деп ойлап, босану уақыты туралы сұрағанын еске алды. 

"Жылағым келді, әрі қатты ашуландым", – деді Сидерфин.

Алайда ол артық салмақтан арылуға нақты шешімді отбасылық демалыс кезінде қабылдаған. Испаниядағы бассейннің жанында пластикалық орындыққа отырған әйелдің астындағы орындық кенеттен сынып кетеді.

"Сол сәтте желкемді ұрып алдым. Қатты ұятқа қалғандай сезіндім", – деді ол. 

Ол кезде Сидерфиннің салмағы 104 келі болған, әрі фастфуд пен тапсырыспен келетін тамаққа ай сайын шамамен 600 фунт стерлинг (шамамен ) жұмсайтын. Сонымен қатар әйелге 2-типтегі қант диабеті диагнозы қойылған. Дәрігерлер жақында жүрек талмасы болуы мүмкін екенін ескерткен. 

"Ерте өліп кетуді қаламадым", – деді Сидерфин өзінің басты мотивациясын түсіндіріп.

Бұдан кейін ол өмір салтын түбегейлі өзгертіп, үйде тамақ дайындауды әдетке айналдырған. Уақыт өте келе алғашқы нәтижелер де көріне бастаған. 

"Бұрын көзімнен қуаныш байқалмайтын, ал қазір адамдар мені үнемі күліп жүресің дейді", – деп түйіндеді ол.

Турист мұражайдағы құны 50 мың доллар тұратын "Ван Гогтың орындығын" қиратты (видео)

Еске салайық, бұған дейін үндістандық Нита Тивари қарапайым жаттығулардың көмегімен 85 келіден 60 келіге дейін арықтады. Нита Тивари диета мен спортты үйлестіре отырып, салмағын азайтқан. Ол негізінен кардио жаттығуларымен айналысқан, тек бірнеше қарапайым қимылдарды алмастырып орындаған. Тивари фитнес платформасы мен орындықты пайдаланғанын айтты.

Айым Атамбаева
Сенбі, 21 Маусым, 2025 20:25
Талқылау