Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысықтарын құтқармақ болған оқушы өрттің ортасында қалып көз жұмды

Қайғылы оқиға Мәскеу облысында 9 қараша күні орын алған. Жеткіншек үйдегі мысықтарын құтқарамын деп өзі оттан шыға алмай қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бессоновтар отбасы тұратын үйде сағат 14:00 шамасында өрт шығыпты. Әкесі, анасы және олардың 15 жастағы Костя есімді ұлы үйден шығып үлгерген. Алайда жасөспірім пәтерде оның мысықтары қалып қалғаны есіне түсіп, отқа оранған үйге қайтадан кіріп кетеді.

Өкінішке орай, не өзі де, не мысықтары оттан шыға алмапты. Келіп жеткен құтқарушылары Костяның денесінің қалдықтарын тапқан. Алдын ала болжамдар бойынша өрт газ баллонының жарылғанынанпайда болуы мүмкін. 

Талқылау