Бір аптада заңсыз алынған актив есебінен 32 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды
Арнайы мемлекеттік қор 26 миллиард теңгеден астам қаражатпен толықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы аптада "Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заңның субъектілері 26 миллиард теңгені арнайы мемлекеттік қорға жіберді. Сондай-ақ қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Алматыдағы бизнес орталығын сатып, арнайы мемлекеттік қорға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Қаражат елге қажетті әлеуметтік-экономикалық жобаларға жұмсалады.
Бүгінде арнайы мемлекеттік қорда жинақталған қаражаттың жалпы көлемі 220 миллиард теңгеден асады.
Еске салсақ, бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционда Алматыдағы бизнес орталықты 6,3 млрд теңгеге сатқан еді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"