"Бір Алла деп сөйлегенге сеніп қалдым": Тұрсынбаеваның тренингіне қатысқан әйел шағымын айтты
Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның тренингіне қатысқандар "алданып қалдық" деп шағым айтуда. Оның Түркияда өтетін "Теңіздегі тренингіне" қатысушылардың бірі дәстүрлі әнші Айгүл Ешлшібаеваға болған оқиғаны баяндаған. Өнер иесі "алаяқтарға алдандым" деген Бота есімді оқырманының хатын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Түркияға барып демалғымыз келді, агенттіктерді іздеп отырғанымда сол А.Тұрсынбаеваның “Теңіздегі тренинг” дегенін оқып қалдым, әрі тренинг, әрі демалып қыдырып қайтатын болдық деп баламыз екеуміз ұрындық", - деп жазады автор.
Айтуынша, 7 күндік сапарға 350 мың теңге төлеген. Бұған билет ақысы кірмейді екен. Бас-аяғы 40 адам болады деп уәде етілген.
"Сонымен бардық, әуежайдан күтіп алады деді. Шымкент қаласынан 6-адам бардық. Бір трансфер жалдап қойдық 150$ төлейсіздер, 6-адамға, түскен соң күтіп тұрған түрік жігітке бардық, ол телефонынан бізді іздеп таппады, жоқсыздар сіздер деп. 20-минуттай тұрдық, қасында болмаған соң өзіміз такси іздедік, таптық, сенесіз ба 6-адамды қонақүйге дейін 35$-ға апарды, 150$ емес. Алдаудың басы әуежайдан басталды ғой", - дейді оқырман.
Тренинг қатысушысы қыдырып та, демалып та "оңбағанын" айтады. Сөзіне қарағанда, ұйымдастырушылар үйіп-төккен уәделерінде тұрмаған.
"Шұбырған 65-адам бір-бірімізді күтумен көшеде шұбырып такси тоқтатумен күніміз өтті ғой. Бурса қаласына фабрикаларды аралаймыз деген. Бурса қаласындағы бір сасық аяқ киім сататын жерге апарып, 65-адамды иіріп онда бір күніміз өтті. Ең соңы өзімен яхтаға баратын болдық, шұбырып таксиге бөлініп міндік, тіл білмейміз таксилері алдап әр жерден түсіріп, бір-бірімізді іздеп,кешке бірақ жиналдық таңертең шыққан ақтабан шұбырындылар.
- Айсәуле Бақытбек: Өмірімді қауіпке тігіп, перзентханаға барайын ба әлде үйде босанайын ба деп ойладым
Зорға жүрген кемпірлер де бар арамызда. Соңында өз минусын сезді ма апамыз 5-6адамға алтын беріп алдап қойды.65-адамға 4-қыз, әйел дайындаған типа түрік тілін білетін деп олары тасты да білмейді, біреуімен сөйлессем оларды да біздің алдымызда Қазақстаннан шақыртып алған екен ақша төлейміз деп, ойда қырда 65-адамды игере алмай әбден ләйлітті ғой. Барғанның ешқайсысы разы болған жоқ, көбісі күңкілдеп қайтты. Басқа-басқа ол апам солай жасайды деп ойламаппын.Бір Алла деп сөйлегенге сеніп қалдым, жылап кеткен ақшаларым.
Обалым жоқ нем бар еді, тек ақшама жаным ашыды алаяқтарға кеткеніне. Өздері жайлы мен Хавва деген Стамбулдағы қыздың инстасына коммент жаздым ғой содан маған шабармандары шықты ғой, адвокатымыз сізді іздеп жатыр деп. Хавва деген қыз олар заңды туризмге турлары бар,енді соны сағалап жүр апам, өте қу екен, жұрт жамандаса жақтап жүрген едім тағдыры ғой деп, біреудің өмірі туралы айтпа деп, енді жүрген жерімде айтып жүрмін лажы болса алданбаңыздар.Алла есіркесін одан басқа айтар сөзім жоқ", - дейді жазба авторы.