Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Қазір әркімді "жау" деп пікір жазып жатқандар көп, сабыр етсек, бәрі ашылады

Айнұр Тұрсынбаева мемлекет басшысының бастамасын қолдай отыра, ел үшін қаза болған марқұмдардың отбасына көңіл айтты. Сабыр еткенде ғана, істің мән-жайына көз жеткізе аламыз дейді айтыскер. 

Айнұр Тұрсынбаева

“Лайым, солай болсын. Бір қиындықтың бір қайыры бар деген осы! Болашағымыз жарқын болатынына сенеміз, дұға етеміз. Қазіргі қиын жағдайда елдің бірлігін сақтау үшін артық сөзден сақ болыңыздар. Қазір бетпақтанып әркімді "жау" деп пікір жазып жатқандар көп. Қазір көргеніңізге де, оқығаныңызға да сенбейтін уақыт. Сабыр етсек, бәрі ашылады! Саяси сауатсыздықтың кесірінен қаншама қан төгілді! Қанша ана баласынан, қанша бауыр ағасынан айрылды. Осынша қан жұтсақ та, шекемізге тимейтіні қандай өкінішті. Мен өзім қанша пост жазып алып өшірдім, себебі біреулерге кесірім тиіп кете ме деп сақтандым”, – деп жазды айтыскер.

Елде болған соңғы оқиғалар ақынға ауыр соқты. Тұрсынбаева өзінің біраз уақыт желіде белсенді болмайтынын, парақшасын жабатынын айтты. Марқұмдардың отбасына көңіл айтып, сабырлық тіледі. 


Айнұр Тұрсынбаева: Көлігімді соққан баланы кешірмедім, 2 айдан соң менің қызым адам қағып кетті


“Енді ел болып, жұрт болып президентімізге қолдау білдірейік. Пандемияда денсаулықтың қадірін біліп едік, мына жағдай бейбітшіліктің қадірін ұқтырды. Енді барымызды бағалайық! Кінәлілер жазалану керек! Кінәсіздер ақталу керек!
Соңғы оқиғалар маған өте ауыр тигенін байқадыңыздар ғой. Қазір өзіммен жұмыс жасауым керек болып тұр. Сол үшін 20 қаңтарға дейін бүкіл әлеуметтік желіні өшіремін. Ел үшін шахид боп кеткен қаһармандардың отбасыларына Раббым сабыр берсін. Еліме Алла жар болсын! Мен сіздерді жақсы көремін. "Әр қазақ – менің жалғызым! Дұғадамын!”, – деп жазды ол.

“Біз сізге дұғада боламыз, жоғалмаңыз күтеміз”, “Алла өзі жар болсын”, “Сізді сағындық”, “Бәрі жақсы болса екен”, “Тыныш заман келсін”, “Сабыр түбі – жақсылық” деп жазды желідегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр