Бір адамның атына 10 нөмір алса, растау ақпаратын ұсынуы керек: Қазақстанда SIM-карта сату ережелері қайта өзгермек
Фото: pixabay.com
Цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады. Енді сатып алушы оннан астам SIM-карта сатып алмақ болса, байланыс операторлары растау ақпаратын сұрата алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу арқылы құқықбұзушылықтарды азайту, оператордың бір жеке тұлғаға 10-нан астам нөмір алу қажеттілігі туралы растауды сұрату құқығы болып саналады", – делінген жобаның түсіндірме құжатында.
Министрлік ұсыныстары:
- операторлар ұялы байланыс абонентіне оннан астам нөмірді ресімдеу;
- абоненттік нөмірді биометриялық идентификациядан өткізу арқылы ресімдеу;
- алаяқтық белгілері бар күдікті SMS-хабарламалар және қоңыраулар туралы өтініштерді қабылдау;
- ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы.
Министрлік пікірінше, бұл ұялы байланыс арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алмақ.
Құжат 29 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылған.

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы хал үстінде жатыр: Ағасы емге 270 миллион теңге қажет екенін айтты
