Тоқаевтың сөзіне күмән келтірген Шолпанқұловтың орнына: Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Бинұр Жәленов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Бинұр Жәленов 1993 жылы Семейде дүниеге келген. Ол Еуразия ұлттық университетін "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша тәмамдаған. Нью-Йорк университетінде ақпараттық жүйелер магистрі және MBA дәрежесін алған. Кембридж университетінің бизнес мектебінде Cambridge FinTech and Regulatory Innovation бағдарламасынан өткен. "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендианты.
Еңбек жолын қаржы министрлігінің электронды сауда орталығында бастаған. Ақпараттық технологиялар және консалтинг саласында жұмыс істеп, оның ішінде IBM компаниясында технологиялық стратегия бойынша консультант болып қызмет атқарған. Кейіннен Ұлттық банк құрылымдарында басқарушылық лауазымдарды атқарған.
2024 жылғы қыркүйектен бастап Бинұр Жәленов Ұлттық банктің төрағасы кеңесшісі және цифрлық трансформация бөлімінің жетекшісі лауазымын атқарып келген.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарған Беріқ Шолпанқұлов 2026 жылдың ақпанда ол өз өтініші бойынша лауазымынан босатылды.
Берік Шолпанқұлов Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан 7 триллион теңге туралы мәселенің ауқымы мен сипатына күмән келтірген еді.
Шолпанқұловтың айтуынша, президент айтқан 7 триллион теңге міндетті түрде заңсыз қаражат шығару дегенді білдірмейді, бұл жай ғана "жалпы айналым" болуы да мүмкін. Ол мысал ретінде: егер екі адам бір-біріне күн сайын мың теңгеден аударып отырса, жылдың соңында "қомақты сома жиналатынын" айтты. Оның сөзінше, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк тарапынан тексеру жалғасуда, алайда "ерекше құқықбұзушылық белгілері" анықталмаған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?