Білім министрлігі ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалған ақпарат таратудың үш жаңа фактісін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, біріншіден, Бірыңғай ұлттық тестілеуді алып тастау туралы қаңқу сөздер қайта белең алған екен.
“Кейбір БАҚ (…) балалардың техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына түсу мүмкіндігін көбейту үшін, жұмысшы мамандықтарын алып шығуы үшін ҰБТ сертификатынсыз қабылдау туралы бұйрықты ҚР БҒМ тарапынан түсіндірме алмастан өз беттерінше тұжырымдап, ЖОО-ға қабылдау тәртібін таратқан. Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ сақталады. ҰБТ-ның алынып тасталуы мүмкін деген хабардың еш негізі жоқ”, – деп мәлімдейді министрлік.
Министрліктің мәлімдеуінше, тағы бір қате түсінік орта білім берудегі бала санына қарай қаржыландыруды енгізудегі жоспарлы жұмысқа байланысты. Халық арасында биыл мемлекеттік тапсырыс есебінен жеке мектептерде тегін орындар пайда болады деген ақпарат тарады.
“Бала санына қарай қаржыландыру шешімі жеке мектептердің өз қаржылық талаптарын қоюына ықпал етпейді және мемлекет ондағы тегін орындардың пайда болуына кепілдік бермейді. Сөзсіз, бала санына қарай қаржыландыруды енгізу жеке мектептердегі оқыту құнын төмендетеді және болашақта бос орын көбейіп, нарықта ұсынысқа толы болса, “Балапан” бағдарламасы секілді жеке мектептерде тегін орындар пайда болуы мүмкін. Бірақ, айтылған шаралардың биыл жүзеге асарына күмәніміз бар”, – деп пікір білдірді министрліктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар мекемеге грантқа құжат тапсырған ғалымдардың ұлттық ғылыми кеңес құрамында болуға құқықтары болмағаны туралы дезинформация жеткен.
«Іс жүзінде Қазақстанның барлық ғалымдары өтінім беруді жоспарлады, ғылыми ұжымдар бұл кеңестердің құрамында еңбек сіңірген ғалымдардың болуын талап етті. Алайда, өз жобасы бойынша талқылау/дауыс беру сәтінде ғалымға талқылау бөлмесінде болуға тыйым салынды. Сол себепті алғаш рет ұлттық кеңестердің отырыстары бейнетаспаға түсіріліп, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сайтына салынды”, – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Ұстазының тойында асыр сала билеген Мейрамбек Бесбаев көпшілікті таңғалдырды (видео)
Баян Мақсатқызы: Өзі түк бітірмей тұрып біреудің еңбегін жоққа шығаратындар – бейшаралар
Қуат Найман: Әйелімнің қыз бала емес, тек ұл туып бергенін қалаймын