Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Найман: Әйелімнің қыз бала емес, тек ұл туып бергенін қалаймын

Аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат “Найман” Хамитов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін “The Эфир” жобасының жаңа қонағы болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қуат Хамитов барлық сұраққа ашық жауап берді. “Найман” жеке өмірі, жарақаттары жайлы, ел болашағы мен айына 100 мың доллар табыс таба отырып, Қазақстанға пайдасын тигізбей жүрген спортшылар жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, Хамитов 2018 жылға жоспарланған жекпе-жектерге тоқталып, Геннадий Головкин мен Төреғали Төреәліге қатысты ойын айтты.

Спортшы болашақ жарына қатысты  ойын айып өтті.

“Болашақ жарымның ұлты қазақ боуы керек. Өзі қарапайым болса. Маған бойы 170-175 смден асатын қыздар ұнайды. Өйткені балаларымның ірі денелі, бойы ұзын болғанын қалаймын. Әкем бала кезімде бойы кішкентай қыз әкелсең, екеуіңді де қуалап жіберем деп айтушы еді. Болашақ жарымның егіз ұл туып бергенін армандаушы едім. Қыз емес, тек ұл баланың әкесі болғанын қалаймын. Қыз баланың жауапкершілігі мол. Ол үшін көп уайымдайың. Қандай жерге келін болады деп жүресің. Ешкім ренжітпесе екен деп уайымдайсың. Сондықтан төрт ұлым болса екен деймін”, – дейді спортшы.

Тағы да оқыңыз:

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Талқылау