11 млн жымқырды деген күдікпен білім министрінің көмекшісі ұсталды
Министрдің көмекшісі үлкен көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Сурет: Sputnik Қазақстан
Хабараламада Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің көмекшісі үлкен көлемде бюджеттен бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталғаны айтылған.
Ол қызметін теріс мақсатта пайдаланып, алаяқтық жолымен бюджеттен студенттерге арналған жазғы стартап мектептерге жұмсалуы тиіс 11 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталушының қаншалықты кінәлі екеніне байланысты сот үкімі шығатын болады.
Алайда ҚР БҒМ баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында қате жіберілгендігі туралы хабарлайды. Бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша министрдің көмекшісі емес, ҚР БҒМ жауапты хатшысының көмекшісі күдікті деп танылып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, жуырда жаңа білім және ғылым министрінің тағайындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, мәжілістің басшы парақор орынбасары үшін жауап беретін заң жобасын мақұлдағаны туралы хабарлаған едік.
"Көкелерінің көмегінсіз": Желіде Асхат Аймағамбетовтың жас кезіндегі видеосы пайда болды