Тоқаев Зеленскийді ұлттық мерекемен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Украинада Тәуелсіздік күні 24 тамызда аталып өтеді. Дәл осы күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы акт қабылданып, қазіргі мемлекеттің негізі қаланған.
Еске салайық, 10 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон соққан еді. Әңгіме барысында Қазақстан басшысы Астананың әрдайым әділетті негізде бейбітшілік формуласының бірлескен іздестірілуін қолдайтынын, БҰҰ Жарғысын сақтау, мемлекеттердің шекарасының мызғымастығы мен аумақтық тұтастығы үшін дәйекті түрде сөз сөйлейтінін атап өтті.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”