Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған
1 қыркүйек жақындаған сайын ата-аналар баланы мектепке даярлау қаншалықты қымбатқа түсетінін сезініп отыр. Алматыда бір оқушыны толық жабдықтау үшін базарда ең кемі 70 мың теңге, ал сауда орталықтарында 100 мың теңгеден аса қажет. Stan.kz мектеп жәрмеңкесіндегі және сауда үйлеріндегі бағаны салыстырып, ата-аналардың тәжірибесін тыңдап көрді.
Алматылық Әсел Исаева есімді ана биыл екі баласын мектепке дайындауға былтырғыдан әлдеқайда көп қаражат жұмсағанын айтады.
"Өткен жылы 45 мың теңгеге күздік күртеше, қонышы ұзын аяқ киім және жылы жемпірлерін қоса алса, биыл сол сома тек бір реттік киіндіруге ғана жеткен. Киімді әр тоқсанға есеппен аламыз. Себебі балалар тез өсіп, тез тоздырады. Ұлымның спорттық аяқ киімі былтыр 13 мың теңге болса, биыл 17 мың теңгеге шыққан”, – деді Әсел Исаева.
Ал қызының спорттық аяқ киімі өткен жылы 12 мың теңге тұрса, биыл 16 мың теңгеге алынған деді Әсел.
Кеңсе тауарлары:
• Күнделік – 1200 теңге
• Қаламсап қорабы (пенал) – 2500 теңгеден бастап
• Сызғыш – 450 теңге
• Қарындаш – 110 теңге
• Түрлі түсті қарындаштар – 1200 теңгеден бастап
• Ұштағыш – 500 теңге
• Өшіргіш – 300 теңге
• Көк қаламсап (1 дана) – 150 теңге
• Түрлі түсті қаламсаптар – 900 теңгеден бастап
• 12 бет дәптер – 28 теңге (данасы)
• Қаптамалар – 4200 теңге (10 дана)
• Сурет альбомы – 1500 теңге
• Бояулар (акварель) – 1800 теңге
• Гуашь – 1800 теңге
• Қылқаламдар – 800 теңге
• Су төгілмейтін стақан – 300 теңге
• ПВА желімі – 700 теңге
• Желі-қарындаш – 400 теңге
• Ермексаз (пластилин) – 2200 теңге
• Қайшы – 300 теңге
• Түрлі түсті қатырма қағаз – 1000 теңге
• Түрлі түсті қағаз – 800 теңге
• Дәптерге арналған папка – 550 теңге
• Ауыстыратын аяқ киімге арналған сөмке – 3500 теңге
• Сөмке (ранец) – 18000 теңгеден бастап
• Кітап қоятын тіреуіш (қалауы бойынша) – 1800 теңге.
Фото: Stan.kz
"Кеңсе тауарларының жалпы құны бір оқушыға шамамен 45 380 теңге. Менің екі балам бар. Осылайша кеңсе тауарларының өзіне 90 760 теңге кетті. Біз бәрін ең төменгі бағамен алдық. Бұл есеп бір тоқсанға ғана жететіндей жасалған. Қаламсаптарды қаптамамен алу керек, себебі балалар оларды жиі жоғалтады”, – деп түсіндірді Әсел Исаева.
Фото: Stan.kz
Ал киім мен аяқ киімге (жәрмеңке):
• Ұлдарға арналған жейде (Қытай) – 4000 теңгеден бастап
• Түрік өндірісіндегі жейде – 13 000 теңгеге дейін
• Шалбар – 7000-15 000 теңге аралығында
• Пиджак – 10 000 теңгеден бастап
• Қыздарға арналған блузка – 5000-10 000 теңге
• Юбка – 7000 теңгеден бастап
• Жилет – 6000 теңгеден бастап
• Спорттық форма – 12 000 теңге
• Кроссовка – 10 000 теңгеден бастап
• Мектеп аяқ киімі – 7000-8000 теңге
• Сөмке-рюкзак – 6000 теңгеден бастап сатып алынған. Киім мен аяқ киімге кететін жалпы шығын шамамен 75 000-80 000 теңге жұмсалған.
“Баға өткен жылға қарағанда әлдеқайда қымбаттаған, 2-5 баласы бар отбасыларға мектепке даярлау тым қиынға соғады.
Қосымша тізім:
• Ақ жейде – 8000 теңге
• Көк шалбар – 11 000 теңге
• Белдемше – 8000 теңге
• Спорттық киім – 18 000 теңге
• Ақ майка – 1500 теңге
• Сарафан – 12 000 теңге
• Пуловер – 12 000 теңге
• Ақ гольфи – 1500 теңге
• Ақ бантик – 1500 теңге
• Ақ футболка – 4500 теңге
• Былғары күртеше – 18 000 теңге.
Мұның барлығы тек бір тоқсан ғана киетін киім, алдымызда қыс. Осылайша 165 760-170 760 теңге екі балаға жұмсалды. Оны ойласақ тіпті түңілетіндей жағдай”, – деді Әсел Исаева.
Ал Екатерина баласына мектепке қажетті киімдердің басым бөлігін сауда орталықтарынан алып берген. Оның айтуынша, Арланға екінші аяқ киімді "Детский мир" дүкенінен 12 мың теңгеге сатып алған.
"Оның аяғы өте тез өседі, үстіне киген аяқ киімін де ұзаққа жеткізбей, екі-үш айдың ішінде-ақ тоздырып тастайды. Сол себепті тым қымбат аяқ киім сатып алудың қажеті жоқ. Балаға ыңғайлы, бірақ бағасы қолжетімді түрін алған әлдеқайда дұрыс. Сонымен қатар базардан небәрі 5 мың теңгеге шалбар алдық. Біздің кішкентай кезіміздегідей картонның үстіне киінді", – деді Екатерина.
Фото: Екатеринаның жеке архивінен
Отбасы әзірге жеңіл түрін ғана алған, күн салқындағанда қалыңдау шалбар алуды жоспарлап отыр. Ал спортқа арналған кроссовки қымбатқа түскен: жеңілдікпен тұрған Adidas маркасын шамамен 20 мың теңгеге алған. Дене шынықтыру мен жалпы дене дайындығына бөлек аяқ киім қажет болғандықтан, амалсыз осыны таңдаған.
Кеңсе тауарларына ақша шығармаған. Бұл тұрғыда үлкен жеңілдік болған, себебі ата-анасы 30 жылдан бері оқулық пен кеңсе тауарларын сатумен айналысады екен. Сол себепті атасы мен әжесі алдын ала қамданып, барлық қажетті құралды жинап, дайын пакет түрінде немересіне беріп қойған.
Екатеринада 1-сыныпқа баланы жинаудың құны қанша шықты?
- Рюкзак (ABDI) – 11 400 теңге
- Екінші аяқ киім ("Детский мир") – 12 000 теңге
- Мектеп формасы тапсырыспен (бомбер, ұзын жеңді поло, қысқа жеңді поло) – шамамен 30 000 теңге
- Брюки (1 дана) базардан – 5 000 теңге
- Adidas кроссовкасы – шамамен 20 000 теңге
- Канцелярия – ең қажеттісінің өзі кемінде 10 000 теңге.
Жалпы: 88 400 теңге
Ал шын мәнінде, балаға бүкіл жылға екі футболка, бір-ақ ауыстыратын аяқ киім мен бір шалбар жеткіліксіз. Оның үстіне бұл тек бір ғана балаға кеткен шығын", – деді Екатерина.
Назерке Сейітбекова баласын бірінші сыныпқа дайындауға кеткен шығындарды есептеп шыққан. Оның айтуынша, кеңсе тауарларын базардан 26 мың теңгеге алған.
"Детский мир" дүкенінен екі майканы 3 699 теңгеге, бір кроссовкиді 3 899 теңгеге, тағы бір кроссовкиді 5 899 теңгеге, бомберді 4 400 теңгеге, үш жұп шұлықты 1 300 теңгеге, шортты 1 300 теңгеге және ақ футболканы 2 600 теңгеге сатып алдық. Next.com сайтынан екі жейде мен төрт полоны барлығы 19 мың теңгеге, Glasman дүкенінен шалбарды 14 мың теңгеге, галстукті 2 мың теңгеге сатып алдық", –деді Назерке Сейітбекова.
Бұдан бөлек ол "Фламинго" дүкенінен Түркия былғарысынан жасалған мокасин аяқ киімді 20 500 теңгеге сатып алған. Рюкзакқа қаражат жұмсамай, Түркиядан ортопедиялық үлгідегі сөмкені сыйлыққа алған. Осылайша, жалпы шығын көлемі 108 296 теңге болған.
Фото: Stan.kz
Сонымен қатар қатар қазір ата-аналар үйден шықпай-ақ онлайн-сауда платформаларынан мектепке қажетті заттарды сатып алып жүр. Осы ретте редакция отандық және танымал қытайлық маркетплейсте қанша теңгеге сатылып жатқанын зерттеп көрді.
Қыз балаға:
• Сарафан – 9 500 теңге (Қытай сайтында 4 950 теңге)
• Ақ блузка – 4 497 теңге (Қытай сайтында 2 650 теңге)
• Белдемше – 10 000 теңге (Қытай сайтында 1 050 теңге)
• Туфли – 27 800 теңге (Қытай сайтында 1 050 теңге)
Жалпы (Қазақстан бағасымен): 51 797 теңге
Жалпы (Қытай бағасымен): 9 700 теңге.
Фото: Stan.kz
Ұл балаға:
• Костюм (шалбар, пиджак, жакет, галстук) – 16 000 теңге (Қытай сайтында 3 900 теңге)
• Мектеп жейдесі – 8 160 теңге (Қытай сайтында 1 450 теңге)
• Жилет – 4 219 теңге (Қытай сайтында 2 100 теңге)
• Аяқ киім – 21 900 теңге (Қытай сайтында 3 400 теңге)
Жалпы (Қазақстан бағасымен): 50 279 теңге
Жалпы (Қытай бағасымен): 10 850 теңге.
Фото: Stan.kz
Қазақстандағы Kaspi қосымшасындағы бағамен мектеп формасын алсақ, қыз балаға қажетті жиынтық 51 797 теңгеге, ал ұл балаға 50 279 теңгеге шығады. Барлығы екі балаға – 102 076 теңге қажет. Ал дәл осы киімдерді Қытайдың Pinduoduo сайтынан алсақ, қыз балаға – 9 700 теңге, ұл балаға – 10 850 теңге, барлығы небәрі 20 550 теңге болады. Яғни айырмашылық бес еседен асады.

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
