“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова отбасындағы жағдай, әншілік жолы мен кино түсірудегі бастамасы туралы Stan.kz тілшісіне ашық сұхбат берді.
Мөлдір Мұқанова соңғы кездері көрерменді хит әндерімен таңғалдырып жүр. Оның әндері өз тыңдармандарын тауып, қаралым саны миллионнан асқан. Әнші бұрын бар уақытын күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың шығармашылығына арнаса, қазір өзінің дамуына күш салып жүр екен. Мөлдір бұған дейінгі сұхбаттарында анасының өнер адамы екенін, бірақ өзінің әнге ешқандай қабілеті жоқ екенін ашық айтқан еді. Бойындағы қабілетті тұншықтыруының себебін ол былай түсіндірді.
“Мен ән айтып бастасам, Тұрсынбек “сенің дауысың жоқ, ән айтпашы” деп тоқтататын. Бір кездері телеарнаға жүргізуші болғым келді. Күйеуімнен көмек сұрап, қолдау күткенмін. Ел алдында жүрген соң дауыс қою, сөздің анық шығуы деген секілді маңызды заттарды үйретуін сұрадым. Қолыңнан келмейді деп ашық айтатын. Солай басылып қалдым”, - деп көзіне жас алды Мөлдір.
Мөлдірді қолдайтын өз тыңдармандары бар, дегенмен хейт жазатын сыншы да жоқ емес. Соңғы кезде Тұрсынбек Қабатов тоқал алған деген сынды қауесет тарап жүргені жасырын емес. Мөлдір Тұрсынбек екеуінің қарым-қатынасына байланысты былай жауап берді.
“Мен қазір жеке өмір туралы көп айтпайтын болдым. Халыққа жеке өмір туралы айтсаң, біле бергісі келеді. Мен туыстарыма, құрбыларыма Тұрсынбек туралы өсек естіп жатсаңыздар “оны жек көріп кетпеңіздер” деп айтамын. Ол жақсы адам. Ешкімді ренжітпейді. Концертке барып, әзілдерін тамашалаңыздар”, – деді Мұқанова.
Қараша айында “Шай большом городе” атты жарық көретін алғашқы туындысында елді толғандырған сұрақтың жауабы болады дейді, Мөлдір.
Сұхбаттың толық нұсқасын Stan.kz YouTube арнасынан көріңіздер!

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
