“Билеу үшін жазбаймын”: Қазақстандық сазгер ұлттық нақыштағы әнін шетелде рұқсатсыз қолданған жас спортшыларға шүйлікті
Видеодан скрин
Гимнастикадан Бразилияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсеткен жас спортшылар қазақстандық сазгердің әнін рұқсатсыз қолданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гимнаст қыздар Sarmad этно-ансамблінің әніне әсерлі өнер көрсеткенімен, әннің авторына бұл ұнамапты. Композитор Бауыржан Ақтай ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мира Балғынбаеваға хабарласып, өзінің наразылығын білдірген.
Жаттықтырушы ұлттық мәдениетті әлемдік аренада насихаттау үшін әдейі қазақ музыкасын таңдағанын айтады. Ол мұндай реакция күтпегенін айтып, бұрын шетелдік әндерге қойылған бағдарламаларда мұндай жағдай болмағанын атап өтті.
Ал музыкант өз композицияларын би билеу үшін емес, шығармашылық мақсатта жазатынын айтқан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген