Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Қазақстанда 11 мың шақырым автожол жөнделеді

Биыл 4 мың шақырым жергілікті жолдарда жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жол жөндеу

"Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан астам автожолда жүргізіледі. Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғасады, соның 856 шақырымын аяқтаймыз. Күрделі және орташа жөндеумен 3,4 мың шақырым жол қамтылады", - деді Амангелді Беков. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілінің сөзінше, биыл жергілікті автожол желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 4 мың шақырым жол қамтылады. Оның 3 мың шақырымы пайдалануға беріледі.

"Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92 пайызға және жергілікті желі бойынша 87 пайызға дейін жеткізілетін болады, - деді Амангелді Беков.

Талқылау