Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейжің Олимпиадасында қазақстандық шорт-трекші Тихонова жарыстан шеттетілді

Бейжің Олимпиадасында Қазақстан атынан сынға түскен Ольга Тихонова жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден іріктеу бәсекелері өтті

Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Осы себепті төрешілер Тихонованы жарыстан шеттетті.

Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өтті.

Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі. Демек, әлі де жүлдеген таласуға мүмкіндігі бар. Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 09 Ақпан, 2022 18:56
Талқылау