"Бейтаныс адамдармен": Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында өткізбек
Меншікті мерекесінде концерт беруді дәстүрге айналдырған Қайрат Нұртас 33 жасын ерекше қарсы алмақ. Ол биылғы туған күнін бейтаныс адамдардың ортасында өткізбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
25 ақпан күні хитмен 33 жасқа толады. Пандемияға дейін әнші туған күнінде үлкен концерт беретін еді. Жаңашылдыққа жаны құмар продюсері бұл жолы тың идея ұсынған көрінеді.
Мальдив аралдарына Қайратпен бірге 30 адам бара алады. Олар 6 күн бойы хитмен ұсынған бағдарлама бойынша көңіл көтереді. Қайратпен жеке танысып, концертіне қатысып, онымен түрлі ойындар ойнауға мүмкіндік алады.
- "Ғажапсың, Димаш": Алматылық экскаваторшы Украинаның "Голос" шоуында барлық тәлімгерлерді тәнті етті
Фанаттардың бір тобы мұндай мүмкіндік берілгеніне қуанса, екінші бір топ әншіні сынға алды. Жеке мерекені отбасымен атап өткені дұрыс болатынын айтты.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді