Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Жұқаев АҚШ-та өткен Челленджер жарысының чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев "Челленджер" финалында қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Бұл оған әлемдік рейтингте көтеріліп, Қазақстанның екінші ракеткасы болуына мүмкіндік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейбіт Жұқаев

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шарлотсвиллінде өткен турнирде ATP рейтингінде 376-орында тұрған америкалық Эйдан Майоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

23 жастағы қазақстандық теннисші 75 ұпай еншіледі.

"Осы жеңісінің арқасында Бейбіт Жукаев 247-орыннан 193-орынға көтерілді. Мансабында алғаш рет үздік-200 теннисшінің қатарына енді", – деді Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Енді Жұқаев еліміздегі теннисшілердің арасында Бубликтен кейін тұр.

Талқылау