Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетперде тағу міндеттелді: БҚО-да қатаң карантин жарияланды

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері БҚО аумағында қатаң шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес:

  • "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынды;

  • жабық үй-жайларда да, ашық ауада да (азық-түлік жәрмеңкелерін, оның ішінде ашық ауада "демалыс күні" жәрмеңкелерді қоспағанда) жәрмеңкелердің әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынды;

  • Жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат берілді;

  • 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жеке және 5 (бес) адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларын қоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;

Қаулы 2021 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Талқылау