Бетон араластырғышқа құлаған: Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы мерт болды
Қостанай облысындағы "БК-Строй" компаниясына қарасты зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, мерт болды.
26 қыркүйекте Қостанай ауданы Садовый ауылында кәсіпорындардың бірінің аумағында 60 жастағы шебер автоматтандырылған бетон араластырғышқа түсіп кеткен.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Бірақ ер адам құжаттарға сәйкес жұмыс істемеген, оның орнына қызы тіркелген екен. Марқұмның артында алты баласы қалды.
Қазір полицейлер еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Талқылау

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады