Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетіне арзан маска жаққан әйелдің терісі қабыршақтанып түсе бастады

Арзан масканы қолданғаннан кейін әйелдің беті қызарып, терісі қабыршықтап түсе бастады. Бұл туралы The Sun порталы жариялады.

кэндис британия

 

Кэндис Патерсон британдық Health Point LTD кокос маскасын жергілікті косметикалық дүкеннен 1 фунтқа (489 теңге) сатып алды. Масканы қолданғаннан кейін оның беті ашып, шаншу сезінді, сондықтан ол өнімді дереу жуып тастады.

29 жастағы Патерсон бетіне суық компресс басып, жұмсартатын крем жаққан. Соған қарамастан, қызарған тері қабыршықтанып түсе бастаған.

«Кейбір жерлерде менің терім күн сәулесінен күйіп кеткендей түсе бастады», - деп наразылық білдірді тұтынушы.

Кэндис косметика брендінің электрондық поштасына және Twitter әлеуметтік желісіне тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін масканы сатуды тоқтата тұруды талап етіп, шағым түсірді. Оның үндеуі жауапсыз қалды.
 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Ақпан, 2020 14:04
Талқылау