Бес періште: Елордада өрттен көз жұмған қыздарға арнап ескерткіш орнатпақ

Елордада биылғы жылдың ақпан айында өрттен көз жұмған бір үйдің бес қызына арнап ескерткіш орнатпақ. Бұл туралы қоғам белсендісі, «Республика – өңір – даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бес періште: Елордада өрттен көз жұмған қыздарға арнап ескерткіш орнатпақ

«Әлемде мемелекетпен қоса, адамдардың менталитетіндегі өзгерістерге себеп болған мұндай қайғылы жағдайдарда ескерткіш немесе мемориал орнатып жатады. Мұндай ескерткіштердің негізгі тақырыбы – «есте сақтауға» шақыру.

Осылайша, көз жұмған қыздарға арнап мемориал орнату идеясы туындады. Оны Олжас Мұхамеди жүзеге асырып жатыр», - деп жазды Ғалым Байтұқ Facebook желісінде. 

Сонымен қатар ол 5 қыздың өлімімен аяқталған қайғылы жағдай елімізде әлеуметтік реформалар мен азаматтардың белсенділігінің жаңа түріне бастама болғанын атап өтті. 

«Көпбалалы аналар баспана мәселесін шешу үшін бірікті, қоғам белсенділер әлеуметтік қолдауды арттыру үшін белсенділік таныта бастады, бастысы, билік өзгере бастады», - дейді ол. 

Ғалым Байтұқ аталған жобаны 2020 жылдың ақпан айына дейін жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. 

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Комментарий тастау үшін сізге сайтқа ену керек
Комментариялар
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дамаскідегі әл-Фараби кесенесі қандай қалыпта

Қазақстандық делегация Сирияның Дамаскі қаласына аттанды

Шариғат бойынша: Луина некесін мешітте қидырды

Өнер иесі орыстың келіні болды

Тимур Құлыбаев тағы да Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Асқар Мамин: Бұл бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам

"Құдайым-ай, неткен еркек": Димаштың "жүн басқан кеудесі" қыздарды естен тандырды

Жұрт әншінің жаңа образын жақтырмай қалды

Ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруіне көмектесетін жемісті анықтады

Қытай ғалымдары арнайы зерттеу жасады

Адам суицидке жанын ауыртқан адамды жазалау үшін барады — психоаналитик

Анна Құдиярова адамдардың неге өзін-өзі өлтіретінін түсіндірді

6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген

Бала өте әлсіреп қалған күйде табылды

"Әжемнен дарыған қасиет": Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдігі бар екенін айтты

Әнші көріпкелдердің байқауына қатысқан

Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры 92 жасында ер адамға үйленді

Қарияға үш бала сыйлаған әйелі оның мұндай шешіміне түсіністікпен қарапты

Алматыда бір үйдің үш баласын көлік қағып кетті

Балалардың жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасында айтып берді
Çàãðóçêà...