Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес баланың анасы Айгерім Сәттібаеваға Тараз қаласы 1 миллион теңге сыйақы табыстады

Фото:Спортшының жеке парақшасынан

Боксшы бес баланың анасы Айгерім Сәттібаеваға Тараз қаласының спорт басқармасы 1 миллион теңге сыйақы табыстады етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында Семейде 14-21 қазан аралығында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Айтулы додада 48 келі салмақта бес баланың анасы Айгерім Сәттібаевға бақ сынап, финалға жолдама алды. Ол ақтық сында Әнел Құдайбергенмен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Осылайша Айгерім Сәттібаева араға 15 жыл салып Қазақстан чемпионы атанып отыр. 
Айгерім Сәттібаеваның осы жеңісінен кейін, Тараз қаласының спорттық басқармасы боксшыны жеңісімен құттықтап, 1 миллион теңге сыйақы беріп, марапаттады.

 

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арқылы 2025-2026 ұлттық құрама жасақталады.
Айгерім Сәттібаева бес баланың анасы және оның жары Олжас Сәттібаев та экс боксшы.

Естеріңізге салсақ, боксшы ару 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге ие болған еді.

Авторы:Ақерке Өмірхан

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 18:39
Талқылау