Тоқаевтың сөзіне күмән келтірген Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті

Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, Берік Шолпанқұлов өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш берген.
“Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан транзакциялардың ауқымы мен сипатына күмән келтірген еді.
Шолпанқұловтың айтуынша, президент айтқан 7 триллион теңге міндетті түрде заңсыз қаражат шығару дегенді білдірмейді, бұл жай ғана "жалпы айналым" болуы да мүмкін. Ол мысал ретінде: егер екі адам бір-біріне күн сайын мың теңгеден аударып отырса, жылдың соңында "қомақты сома жиналатынын" айтты. Оның сөзінше, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк тарапынан тексеру жалғасуда, алайда "ерекше құқықбұзушылық белгілері" анықталмаған.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”