Бельгияда жезөкшелер жәрдемақы алып, еңбек қауіпсіздігін қорғау құқығына ие болды
Секс қызмет көрсету саласын заңдастырған Бельгия енді жезөкшелерге еңбек келісімшартын жасап, жәрдемақы алуға және еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RTBF порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
1 желтоқсаннан бастап Бельгияда секс-индустрия қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң күшіне енді. Бұл заң оларға еңбек шарты бойынша әлеуметтік жәрдемақы алуға және құқықтарын қорғауға кепілдік береді
Осылайша, осы салада жұмыс істейтін әйелдер мен ерлер қылмыстық аймақтан шығарылды. Оларға әлеуметтік және сақтандыру төлемдері және еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тиесілі болады. Мысалы, жұмыс күнінің ұзақтығына қатысты шағым айта алады. Сондай-ақ жұмыс орнындағы тәуекелдерден қорғалды. Қауіпті клиенттерден бас тарту және сексуалдық қызмет көрсету кезінде іс-қимыл шарттарын сақтауын өтіну мүмкіндігіне ие болды. Жұмыс берушілер жезөкшелер жұмыс істейтін үй-жайларды дабыл түймелерімен жабдықтауға міндеттелді.
Бұл елде сутенерлік заңсыз. Егер жұмыс беруші секс-жұмыскерлерді белгіленген заңнамалық шеңберден тыс пайдаланса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бельгияда жезөкшелікті заңдастыру процесі 2022 жылы басталды. Бұл Жаңа Зеландиядан кейін мұндай қадамға барған әлемдегі екінші мемлекет болып отыр. Бельгияда 20 мың жезөкше бар. Олар негізінен Еуро Одақтың шығыс бөлігіндегі елдерден, сондай-ақ Африка мен Оңтүстік Америкадан келген.