Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі журналист Құман Тастанбековтің көзі тірі кезінде бағаланбағанын айтып күйінді (видео)

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өмірден озған актер Құман Тастанбековтің көзі тірі кезінде бағаланбағанын айтып күйінді. Айтуынша, қайбір жылдары киногерлер Тастанбековті менсінбей, киноға шақыруды қойған. Ақырында Қыз Жібектің Төлегені ренжіп, тіпті киноға қатысты бағдарламаларға қатысудан бас тартқан, деп жазады Stan.kz.

“Жібек” деп соққан қайран жүрек те тоқтады. Қазақ елі Төлегенінен айырылды. 1970 жылы “Қыз Жібек” фильміне түскен Құман ағамыз небәрі 25 жастағы жігіт еді. Талай қыздарды өзіне ғашық еткен актёрдің жұдырықтай жүрегі тек өз Жібегіне ғана дүрсілдеп соқты. Сол жүрек те 17 желтоқсанда тоқтады. Қыстың қыңылтыр аязы қытымыр мінезін көрсеткендей бұл күні қатты суық болды”, – деп өкінішін білдірді Дәулетбекқызы.

Журналистің айтуынша, кезінде Тастанбековті бағаламаған киногерлер мезгілінен кеш оянуда.

“Мойындауымыз керек, аты аңызға айналған ағамызды көзі тірісінде бағаламадық. Кейбіреулер менсінбеді. Ортаға қоспады. Киноға шақыруды тоқтатты. Ағамыз сол үшін де қапа болып, 2007 жылы “Киноғұмыр” бағдарламасына сұхбат беруден бас тарқаны әлі есімде. “Мазаламаңдар мені… Мені баяғыда ұмытқан”,- деді ағамыз қатқыл дауысымен телефон ар жағынан ренжіңкіреп. Жүрегім сол кезде қан жылады. Өкініштері өте көп болды.

Енді қазір ол кісі туралы барлығы күрсініп жазып жатыр, айтып жатыр… Не пайда?!
Неге біз көзі тірі кезінде барымызды бағаламай, көзі кеткенде “аһ” ұрамыз, айтыңыздаршы?! Неге…неге…?!” – деп ашынды журналист

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев: Алтынбек Қоразбаевтың арқасында аяғымнан ешкім шалған емес

Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)

Танымал журналист Рахат Мамырбек өмірден озды

Нұрмағанбетова: Қайырымдылықтан пайда көргісі келетін, ұйымдастырушыларды алдап кететін әншілер көп

Талқылау