Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі әнші Роза Рымбаева мен депутат Дәулет Тұрлыханов алаяққа алданып қалды

Белгілі әнші Роза Рымбаева мен мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов алаяқтың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабаралайды. 

Алаяқтық әрекетіне қатысты іс былтыр қараша айында Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотына келіп түскен. Алайда кейіннен бұл істі басқа сотқа беру туралы мәселе қаралған.

"2023 жылғы 20 қарашада сотқа Бекқайыровқа қатысты қылмыстық кодекстің "Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс түсті. Іс материалдарын қарау барысында Бекқайыров Алматының бірнеше ауданында қылмыстық әрекеттер жасағаны анықталды. Бірінші жәбірленуші Дәулет Тұрлыхановқа қатысты сотталушы жәбірленушінің үйінен ақша ұрлағаны анықталды", – делінген сот хабарламасында.


"Парламентте жағдайы жоқ депутаттар да бар": Дәулет Тұрлыханов қанша жалақы алатынын айтты


Сотталушы Бекқайыровқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалып, қылмыстық іс Алмалы аудандық сотына жіберілген.

Алматының Алмалы аудандық соты бұл іс бойынша тағы бір жәбірленуші ҚазКСР халық әртісі Роза Рымбаева екенін хабарлады. Бұл іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Талқылау